«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
Директорлар кеңесінің Төрағасы
ҚҰРМЕТТІ СЕРІКТЕСТЕР МЕН ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздердің назарларыңызға «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіретін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жылдық есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.
2023 жылы Қазақстанның өнеркәсіп секторы кәсіпорындарды технологиялық жаңарту бағдарламаларын іске асыру және өндірістік қуаттарды кеңейту қолдауымен тұрақты өсуді көрсетті.
Бұл шаралар отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осылайша, 2023 жылы Қор өңдеу өнеркәсібі саласындағы 30-дан астам жобаны қолдады. Оларды іске асыру 5 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, ел бюджетіне салық түсімдерін қамтамасыз етті және осылайша экономиканы әртараптандыруға ықпал етті.
2023 жылы Өнеркәсіпті дамыту қоры қызметінің негізгі өзгерістерінің бірі Қордың 2024-2033 жылдарға арналған жаңа даму Стратегиясын бекіту, сондай-ақ қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу болды, оған сәйкес Қор енді екінші деңгейдегі банктерге, жеке лизингтік компанияларға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және басқа да қаржы ұйымдарына қаржыландыру бере алады. Бұл өзгерістер бизнестің инвестициялар мен мемлекеттік қолдауға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, және де өнеркәсіп секторының тұрақты дамуына ықпал етеді.
Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 2023 жылы бірқатар қазақстандық қаржы ұйымдарының, оның ішінде Өнеркәсіпті дамыту қорының рейтингтерін жариялады. Қордың ұзақ мерзімді рейтингі «Ba2» деңгейінен «Ba1» деңгейіне «оң» болжаммен көтерді, бұл қызметі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қаржы институты ретінде Қордың белсенді дамуын растайды.
2024 жылы Өнеркәсіпті дамыту қоры Қазақстан Республикасының өнеркәсіптікинновациялық саясатын іске асыру, әлеуметтік-экономикалық әсері бар және еңбек өнімділігін, өнім өндіру көлемін және олардың экспортын ұлғайтуды көздейтін жобаларды қаржыландыру жөніндегі жұмысты жалғастырды.
Директорлар кеңесінің атынан Қор ұжымына атқарылған жұмысы үшін, ал серіктестерге – нәтижелі ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл серіктестік бірінші кезекте Қазақстан Республикасы экономикасының игілігі үшін жұмыс істейтініне сенімдімін.