Ринат ГАППАРОВ
«Өнеркәсіпті дамыту қоры»
АҚ Басқарма Төрағасы
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР, СЕРІКТЕСТЕР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР!
Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ атынан Сіздердің бізге көрсеткен жемісті ынтымақтастықтарыңыз бен сенімдеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді.

2023 жыл біз үшін маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы қарқынды кезең болды. Біз жылды қорытындылап, жетістіктерімізді сіздермен бөлісуге қуаныштымыз.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі таңда бизнесті мемлекеттік қолдаудың операциялық тиімділігі аса маңызды екенін және алға қойылған міндеттерінің бірі «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ-ны ауқымды цифрландыруды жүзеге асыру екенін атап өтті.

Өнеркәсіпті дамыту қоры өз клиенттеріне қызмет көрсету сапасын арттыру үшін сервистерді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2023 жылы Қордың корпоративтік сайтында клиенттердің Қормен өзара әрекеттестігін едәуір жеңілдеткен «Жеке кабинет» жүйесі енгізілді. «Жеке кабинет» кәсіпкерлерге онлайн-форматта қаржыландыруға өтінім беруге және оларды қарастыру процесін барлық кезеңдерде бақылауға мүмкіндік берді

Қордың биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Қордың алдына жаңа биіктерге жету үшін өршіл мақсаттар мен міндеттер қоятын, сондай-ақ Қор енді екінші деңгейдегі банктерге, жеке лизингтік компанияларға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және басқа да қаржы ұйымдарына қаржыландыруды ұсына алатын қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізетін 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту болды.

Есептік кезеңде Қор 331 754 976 мың теңге сомасына инвестициялар тартты, жарғылық капитал 135 000 000 мың теңге сомасына ұлғайтылды, ал таза пайда 23 567 497 мың теңгені құрады.

Кредиттік құрал енгізілген сәттен бастап Қор 186 млрд теңге сомасына қарыздар берді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге 100 млрд теңге, лизингтік компанияларға 60 млрд теңге және инвестициялық жобаларға 26 млрд теңге мөлшерінде қарыздар берілді. Қордың лизингтік және несиелік портфелі 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 185 000 000 мың теңгеден асты.

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Қордың ұзақ мерзімді рейтингтерін «Ba2» деңгейінен «Ba1» деңгейіне «оң» болжаммен көтерді, бұл біздің қызметіміздің сенімділігі мен тиімділігін растайды. Сонымен қатар, ESG қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс басталды, 2024 жылы біз ESG-рейтингін алуға ниеттіміз.
2023 жылы Қордың қолдауымен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС-нің өтінімі бойынша «Цемент қаптамасының үшінші желісін сатып алу», «Қазақстан Республикасының аумағында Қостанай қаласында индустриялық аймақта LADA, KIA брендінің автомобильдерін шағын тораптық құрастыру әдісімен өндірісті ұйымдастыру» «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өтінімі бойынша, «KamLitKZ» ЖШС өтінімі бойынша, «Жүк техникасының жетекші көпірлерінің арқалықтарын оқшаулау деңгейін арттыру» инвестициялық жобасын қаржыландыру сияқты жобалар іске асырылып, пайдалануға берілді.

Жыл қорытындысы бойынша Қор жалпы сомасы 487 083 342,47 мың теңгеге 258 лизингтік мәмілені қаржыландырды. Еліміздің барлық өңірлері бойынша 1 243 бірлік автобус, 191 бірлік тракторлар, комбайндар мен ауыл шаруашылығы жабдықтары, 295 бірлік арнайы көлік құралдары, 523 бірлік өрт және полиция көлігі лизингке берілді, сондай-ақ 3 335 бірлік жабдық, орман-авиациялық іс-шараларды жүзеге асыру үшін 3 тікұшақ, Қызылорда-Семей, Павлодар - Түркістан, Атырау – Астрахань бағыттары бойынша жүретін 3 290 бірлік жолаушылар және жүк вагондары сатып алынды.

2024 жылы Қор «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы және «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша іс-шараларды іске асыра отырып, өңдеу секторын жедел дамытуға белсенді жәрдемдесуді жалғастырады.

Біздің күш-жігеріміз бен бірлескен жұмысымыздың арқасында біз келесі жылы одан да үлкен жетістіктерге жете алатынымызға сенімдімін!
Made on
Tilda